Қайғылы оқиға жұмыс істеп тұрған зауыт аумағында болған. Мердігер ұйым көршілес ғимаратта жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан. 17 метр биіктіктен құлаған монтаждаушы ауыр жарақат алып, бас-сүйек зақымдануы және ішкі ағзаларының жарылуымен ауруханаға жеткізілді.
Балқаш ауруханасындағы травматология бөлімінің меңгерушісі Мақсат Нұртазиннің айтуынша, ота барысында зардап шегушінің көкбауыры алынып тасталған.
«Көкбауыр жарылғандықтан алынып, құрсақ қуысына білте қойылды», - деді дәрігер Мақсат Нұртазин.
Балқаш өңірі бойынша еңбек заңнамаларын бақылау бөлімі өндірістегі қайғылы оқиға бойынша тексеру тағайындалғандығын мәлім етті.