«Су жылу транс» коммуналдық кәсіпорнының балансында тұрған жылу желісі қысымға шыдамай, нәтижесінде бірнеше кәсіпкерлік нысандарын ыстық тат су жайлады.
Зардап шеккен кәсіпкерлер сотқа арыз-шағымдарын дайындап отыр. Олар жауапкер - «Су жылу транс» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнынан шығынға ұшыраған мүліктеріне ақшалай өтемақы талап етпекші.
Балқаш әкімдігі кәсіпкерлік бөлімі басшысының орынбасары Жанмира Рахпанованың айтуынша, оларға мемлекеттен көмек күтудің қажеті жоқ.
«Бұл екі тараптың азаматтық өзара байланысы. Бұл жерде мемлекет зардап шеккен кәсіпкерлерге қандай да бір көмек көрсете алмайды», - деді Жанмира Рахпанова.