Осылайша меценат «Ел тірегі – Елбасы» республикалық акциясына қатысты.
«Игі істер жасау – халқымызға тән қасиет. Мен қаламыздың кәсіпкерлерін қайырымдылыққа белсенді қатысуға шақырамын», – деді Серік Қасымбеков.
Азық-түлік жиынтығына ұн, макарон, күріш, қант, өсімдік майы және кәмпиттер кірді. Қайырымдылық көмекті буып-түюге және тасымалдауға еріктілер қатысты.
«Азық-түлік себеттерін алу тізімінде мүгедектігі бар азаматтар, мүмкіндігі шектеулі балалар, жұмыссыздар, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінде болатын азаматтар бар», – деді Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі Гүлмира Махтбекова.