Бұл туралы қалалық білім бөлімі хабарлады.
Балқаш қаласының оқушысын жеке құттықтау үшін осында Ресей Федерациясының Қазақстандағы Елшілігінің бірінші хатшысы, Астандағы Ресейлік ынтымақтастық өкілдігі бастығының орынбасары Ондар Чылгычы мен республикалық «Лад» славяндар қозғалысы төрағасының орынбасары Александр Зарипов арнайы ат басын тіреді. Иеленген жүлделі үшінші орын үшін №1 қалалық орта мектептің оқушысы мен оның ұстаздарына құрмет грамоталары мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Злата байқауға Ұлы Отан соғысына қатысушылардың тағдыры туралы эссе жіберген еді. Өз шығармасында ол майданда қаза тапқан өзінің үлкен атасы Александр Воропаев туралы жазыпты.
«Үздік жазба сабағы» шығармалар байқауын дәстүр бойынша Ресей поштасы, М.Ломоносов атындағы ММУ мен «Учительская газета» баспа үйі өткізеді. Биылғы жылы байқау сегізінші рет өткізіліп, оған 150 мыңнан астам адам қатысты.