Ведомство өкілдері мәлімдегендей, 46 жастағы қала тұрғыны абайсызда құлап кеткен. Оны бірден қалалық ауруханаға жеткізді.
«Қатты соққы салдарынан ер адамның бас сүйегі, мойын омыртқасы, оң жақ бұғанасы сынған, сондай-ақ, миы шайқалған. Ол 20 қараша күні түнге қарай көз жұмды», - деді Қостанай қалалық ауруханасының бөлім меңгерушісі Марал Әбілқасымов.