Баллистикалық зымыран «Сарышаған» полигонына құлады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей әскерилері Астрахань облысындағы «Капустин Яр» полигонынан «Тополь» баллистикалық зымыранын ұшырды. Зымыранның жаттығуға арналған бөлігі жоспарлы дәлдікпен Қазақстандағы «Сарышаған» полигонына түсті, деп хабарлайды 24.kz.

Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, мақсат құрлықаралық зымыранның әскери дайындығын сынау болған. Зымыранның ұшқан ізі Атырау, Ақтау, Орал және тағы басқа қалалардың үстінен көрінген.