«Әлеуметтік желілерде бетперде киген жастар балта және өзге де құралдармен екі азаматқа зорлық-зомбылық көрсетіп жатқаны туралы видеожазбалар таралып жатыр. Екі факті бойынша да ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Анықталғандай, екі оқиға да Ақтау қаласында әртүрлі уақытта болған. Полицейлер қазіргі таңда жәбірленушілер мен үш күдіктіні анықтап, 16 және 21 жастағы күдіктілерді ұстады. Тағы бір күдіктіні ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүріп жатыр», - делінген ұсынылған мәліметте.
Қазір екі оқиға бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр. Қылмыс жасаған күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.