Балтық теңізінің түбінен 200 жылдық сыра табылды

None
АСТАНА. Қыркүйектің 3-і. ҚазАқпарат - Балтық теңізінің түбінен жасы шамамен 200 жыл деп болжанып отырған сыра құйылған шөлмектер табылды, деп хабарлайды AFP. Сыра құйылған шөлмектерді Аланд аралдары аймағынан фин сүңгуірлері тапты. Сыра Балтық теңізінде 1800 жылдардың басында батып кеткен кеменің ішінен табылды.

Сараптамашылар атап өткендей, сыра өзінің табиғи түсі мен құрамын сақтап қалған. Ішімдіктің жақсы сақталуына оның салқын суда және теңіздің жарықпен аз қамтылған бөлігінде жатуы себеп болған сыңайлы.

Алдын ала бағалау бойынша, теңіз түбінен табылған сыра шөлмектерін әлемдегі ең кәрі сыра деп атауға әбден болады. Осындай 200 жылдық бір шөлмек сыраның қанша болатынын мамандар дөп басып айта алмай отыр.

Атап өту керек, жақында, шілде айында осы Балтық теңізінің түбінен сүңгуірлер екі жүз жылдан астам сақталған таңы бір сусын - шампанды тапқан еді. Ол кезде жалпы су түбінен 30 шөлмек шығарылды. Олардың әрқайсысы бірнеше ондаған мың еуроға бағаланған еді.