Қазақстандық балуан Диас Сейітқалиев грек-рим күресінен Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатқан U20 әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды.
Шешуші белдесуде Сейітқалиев Михаил Шкаринге 1:4 есебімен есе жіберді.
Осылайша, грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының қоржынында бір медаль бар. 23 тамызда Арсен Жұма (55 келіге дейін) қола жүлде үшін күреседі.
Бұдан бұрын грек-рим күресінен әлем чемпионатында Диас Сейітқалиев жартылай финалға шыққанын жазған едік.