АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның Ыстанбұл қаласында өткен күрестен 45-ші «Яшар Догу» Халықаралық турнирінде балуан қыздарымыз 2 күміс, 4 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл дәстүрлі турнирге биыл әйелдер күресі тұңғыш рет қосылған болатын. Жарыстың бірінші күні аруларымыз екі қола медаль иеленді. Алғашқысын 48 келі салмақта Ирина Борисова жеңіп алса, екіншісін 69 келі салмақта сынға түскен Жәмила Бақбергенова қанжығасына байлады.
Ал жарыстың екінші күні қыздарымыз төрт медаль иеленді. Оның екеуі - күміс, екеуі - қола медаль.
Күмісті 60 келіде сынға түскен Аяулым Қасымова мен 75 келіде белдескен Гүлмарал Еркебаева жеңіп алса, екі қоланы 53 келіде бақ сынаған Жұлдыз Эшимова мен 60 келіде ел намысын қорғаған Алтынай Сатылған жеңіп алды.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.