Балуан Темірлан Тұрдақын U23 әлем чемпионатының финалына шықты

АСТАНА. KAZINFORM — Грек-рим күресінің шебері Темірлан Тұрдақын АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан U23 жас санатындағы әлем чемпионатының жартылай финалында жеңіске жетті.

Фото: UWW

Қазақстандық балуан 87 келіге дейінгі салмақта алтын медаль үшін бақ сынайды.

Тұрдақын жартылай финалда ресейлік Александр Крикуханы жеңіп, ақтық сынға жолдама алды. Финалда ол Иран өкілі Ясин Әли Яздимен күреседі.

Айта кетейік, бұған дейін Айбек Айтбеков (60 келіге дейін) және Юсуф Ашрапов (72 келіге дейін) алтыннан алқа таққан еді.

Еске салайық, мұның алдында қазақстандық балуандар Юсуф Ашрапов пен Айбек Айтбеков АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан U23 әлем чемпионатында алтын медаль иеленгенін хабарлаған едік.