Балуан Тыныс Дүбек Азия чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық балуан Тыныс Дүбек Бішкек қаласында (Қырғызстан) өтіп жатқан әйелдер күресінен Азия чемпионатының жартылай финалында жеңіліп қалды.

Фото: ҰОК

62 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен кездесуде отандасымыз Солтүстік Корея спортшысы Хён Гён Мунмен белдесті. Өкінішке қарай Тыныс 11:0 есебімен мерзімінен бұрын жеңіліп, қарсыласына еш қауқар таныта алмады.  

Дегенмен Тыныс Дүбек 10 сәуірде құрлық біріншілігінің қола жүлдесі үшін күресуге мүмкіндік алып отыр. 

Еске салсақ, бұған дейін Бішкектегі Азия чемпионатында әйелдер күресінен Тыныс Дүбектің жартылай финалға шыққанын хабарлағанбыз.