Балық аулау кезінде суға кеткен екі азаматтың денесі табылды
08:43, 04 Қараша 2009
АСТАНА. Қарашаның 4-і. ҚазАқпарат - Осыдан екі күн бұрын Ақмола облысы Аршалы ауданында балық аулау кезінде суға кеткен екі азаматтың денесі табылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ТЖМ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Айта кетейік, дүйсенбі күні сағат 13:30-да Аршалы ауданының Раздольное ауылында екі балықшы суға батып кеткен болатын. Кеше осы екі азаматтың денесін суда құтқару қызметінің мамандары судан шығарды.