Ол - әнші, ол - тележүргізуші. Елге сазгерлігімен де танымал.
Арыстың ұлы өнер жолында уақытын жеткізе алмай, шапқылап жүрсе де хоббиіне уақыт табады екен. Ол сан алуан маркалар жинауды баяғыдан ермек етеді. Қазір қолында қанша марка барын санау қиын, дегенмен бұл ісі көрген жанды еріксіз қызықтырады.
Сазгердің балықты жақсы көретінін біреу біліп, біреу білмейді. Балық болғанда, оның құмарлығы қолға қармақ ұстап, өзен жағалау емес. Нұрланның үйінде аквариум бар. Түрлі-түсті алтын жалатқандай небір сүйкімді балықты жалықпай тамашалап, өз қолымен жем бергенді тәуір көреді.