Тәжікстан азаматы 39 жастағы Зафаржон Исматов пен өзбекстандық 34 жастағы Аскаржон Буриев 8 сәуір күні Балықшыдағы №51 қоныс колониясынан қашып кеткен.
Осы жылдың ақпанында Исматов ұсақ ұрлық жасағаны үшін екі жылға сотталған. Буриев те бірнеше ай бұрын ғана жалған құжат жасағаны үшін төрт жылға бас бостандығынан айырылған.
Аталған фактіге байланысты қылмыстық іс қозғалды. Жергілікті милиция қашқындарды іздестіріп жатыр. Өткізу-тексеру бекеттерінде бақылау күшейтілді.