Балықшыға салмағы 200 килограмға жететін акула шабуыл жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат -Оман шығанағында Сауд Арабиясының азаматына алып акула шабуыл жасады, деп хабарлайды РИА Новости.Оқиға Шардж әмірлігіндегі Хор-Факкан қаласының теңіз жағасына жақын жерде орын алған.

Қырық бір жастағы ер адам өзінің досымен бірге балық аулап жүріп, қайықтан үш метр алыста суда жүрген кезде акула шабылуына ұшырайды.

Алып су жыртқыштың қанды аузынан тек оны досы балық аулайтын қарумен атқаннан кейін ғана құтылып шығу мүмкін болған.

Акуланың аузынан аман қалған азамат ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Балықшылардың сөзіне қарағанда, адамға шабуыл жасаған акуланың салмағы шамамен 200 килограмға жететін көрінеді.