Балықтың шабуылынан 62 жастағы сүңгуір мерт болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сингапурдағы океанариум иесі Haw Par Corporation ресми мәлімдемесінде сүңгуірдің өлімін кенеттен болған қайғылы жағдай деп атады. Бұл туралы BBC хабарлады.

«Филипп Чен су жануарлары тұрақты мекендейтін орнына көшірілгенше оларды күтумен айналысатын он қызметкердің бірі болатын», - деді корпорацияның баспасөз хатшысы.

Оның айтуынша, Чен ардагер-сүңгуір болған және ол оеканариум ашылған 1991 жылдан бері су жануарларының күтімімен айналысып келген.

Полиция скат шабуылынан кейін Ченнің ауруханаға жеткізілгенін, ауруханада жарақаттан көз жұмғанын хабарлады. Полиция өкілінің айтуынша, бұл Сингапурдағы алғашқы оқиға.