Банан қораптарына салынған жылқы етін Қытайға өткізбек болған
09:37, 29 Желтоқсан 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қорғас» шекаралық бақылау отрядының «Жолаушылар» бөлімшесінде шекара наряды елімізден ҚХР аумағына қарай жаяу өтіп бара жатқан 35 жастағы қазақстандық азаматты ұстады.
Оның қол жүгін тексеру барысында 5 дана банан қораптарына салынған, жалпы салмағы 150 келі, ешқандай құжатсыз жылқы еті табылды. Жүк ветеринарлық қызмет өкілдеріне тапсырылды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.