«Бұған дейін белгілі болғандай, бүгін таңертең жергілікті уақыт бойынша сағат 08-55-те Бангкокқа КС-931 рейсімен ұшып келген азамат Мақсат Үсенов экипаждың талабына бағынбағаны үшін қала әуежайында тай полициясына берілген болатын. Қазақстандық дипломаттарға Таиланд астанасы құқық қорғау органдарының өкілдері азамат Үсеновке қатысты тексеру жүргізілгендігін хабарлады. Оның Бангкокқа Вьетнамға бара жатқан жолда транзитпен келгені анықталды», - деп жазды Жайнақов.
Оның айтуынша, осы жайтты ескерткен полиция қызметкерлері вьетнамдық авиакомпанияларға жүгініп, біздің отандамыздың тарабынан орын алған келеңсіздерді айтып берген.
«Азамат Үсеновтің тарабынан тәртіпті және экипаж талаптарын сақтауға уәде берілгеннен кейін вьетнамдық әуе компаниясы оны бортқа алуға келісті. Осы жағдайды ескере отырып Бангкок әуежайының полициясы бұзақыны тәртіптік жазаға тарту үшін тұтқынға алған жоқ. Осыдан кейін азамат Үсенов жергілікті уақыт бойынша сағат 11-20-да Банкгоктен Хошиминге ұшып кетті», - деді ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі.