«Байрақты бәсекеде әлемнің 23 елінен келген 120 боксшы бағын сынайтын болады. Бізді осы жарысқа жас санаты бойынша Йемен және Катардан алғаш рет спортшылардың қатысып отырғаны қуантады, - деді АБК атқарушы директоры Бақдәулет Төреханов.
Айта кетейік, Тайланд астанасы Азия жастары біріншілігін екінші рет ұйымдастырып отыр. 2014 жылы өткен жарысқа 16 елден 96 боксшы қатысқан болатын.