деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана қалалық дене тәрбиесі және спорт басқармасына сілтеме жасап.
Қазақстанның намысын қорғаған кикбоксшылардың 7-еуі де жартылай финалға шыққан болатын. Бірақ, олардың 5-еуі ғана финалға жолдама алды. 51 кг салмақ санатында (фул-контакт) жарыс жолына шыққан Еркебұлан Омаров вьетнамдық қарсыласын 3:0 есебімен ұтса, дәл осындай есеппен 60 кг салмақ санатында (фул-контакт) Нұрғали Наурызбаев түрікменстандық қарсыласынан басым түсті. Ал 71 кг салмақ санатында өнер көрсеткен Саян Жақыпов сайыс барысында алған жарақатына қарамастан иорданиялық қарсыласынан басымдық танытты. Сондай-ақ ақтық бәсекеге 57 және 71 кг салмақ дәрежесінде (екеуі де лоу-кик) өнер көрсеткен Бауыржан Құдайбергенов пен Мақсұт Ибраев жолдама алды. Сайыс барысында М.Ибраев Ирак кикбоксшысын нокаутқа түсірген болатын.
Кикбоксшылар арасындағы ақтық бәсеке бір күндік демалыстан кейін ертең, тамыздың 7-сінде өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан осы күнге дейінгі жарыс нәтижелері бойынша Кореядан кейінгі 2-ші орында тұр. Байрақты бәсеке тамыздың 9-ына дейін жалғасады.