Бангкокта сауда диалогын кеңейту мәселелері талқыланды

НҰР-СҰТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылғы 31 шілдеде Қазақстан Елшісі Раушан Есболатова Қазақстан мен Таиланд арасындағы сауда диалогын дамыту мен өзара тиімді ынтымақтастықты үйлестіру мақсатында таиландтық іскерлік топтарымен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Таиландтың кәсіпкерлерімен пікір алмасу форматында өткен әңгіме барысында Елші Қазақстанның Бангкоктағы Елшілігі таиландтық және шетелдік кәсіпкерлер үшін өзара әрекеттесу тізбегін – Елшіліктен бастап жергілікті атқарушы органдарға дейін «СІМ – шетелдік мекемелер – өңірлер» форматында бағыттаушы рөл атқаратынын еске салды.

Қатысушылар ауыл шаруашылығы, азық-түлік,жеңіл өнеркәсіп және т.б. арнайы экономикалық және индустриалды аймақтаршеңберіндегі инвестициялық мүмкіндіктермен таныстырылды.

Қазақстан қазіргі таңда жаңа инвестициялықдаму кезеңінде және көптеген бизнес мүмкіндіктері бар мемлекет болыптабылатындығы және инвестициялық жобалардың шетелдік қатысушылары үшін ерекшежағдайлар жасалатындығы туралы айтылды.

Кездесу соңында тараптар Қазақстанаймақтарына бірлескен іссапарларды ұйымдастыруды жалғастыруға келісті. Биылғыжылдың маусым айында таиландтық компаниялардың өкілдері Алматыға сапар шегіп,әлеуетті серіктестермен және «Kazakh Invest» ҰҚ» АҚ өкілдерімен кездесулерөткізгені мәлім.