Бангкокта шаң-тозаңға байланысты 450 мектеп жабылды

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бангкок билігі қала атмосферасының тым ластануына байланысты 450-ге жуық мектепті уақытша жауып отыр, деп хабарлайды Guardian.

Бангкок атмосферасына жинақталған түтін мен шаң-тозаң бірнеше аптадан бері сейілер емес. Соның салдарынан қала тұрғындары бетперде тағып жүруге мәжбүр болып отыр.

Қою түтін автомобильдер шығаратын газдардан, ауқымды құрылыс жұмыстарынан шыққан шаң-тозаңнан, сондай-ақ өнеркәсіп кәсіпорындарының түтіндерінен пайда болды.