Бангкокта темекінің кесірінен вокзалда жарылыс болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бангкокта орталық теміржол вокзалында лақтырылған темекі жарылысқа себеп болып, оқиғадан екі адам жарақаттанды. Бұл туралы жергілікті полиция хабарлады.

Жолаушылардың бірі пластикалық бөтелкеге темекі тұқылын тастаған. Бөтелкенің ішінде жарылатын дәрі-дәрмек болған.
«Мұндай жабдықтарды пинг-понг бомбалар деп атайды. Оны кім тастағанын әлі анықтай алмай отырмыз», - деді Бангкок полициясының саперлік құрылымының басшысы Камтхорн О-Чароен.

Пойыздың келуін күтіп тұрған екі жолаушыл жапа шегіп, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады ТАСС.

Жарылыс сырттағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған.