Бангкокта жүк көлігі 30 машинаны қағып өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жүк көлігін тізгіндеген Бангкок тұрғыны полиция қызметкерлерінің тізілген шебіне қарамастан 30 автокөлік пен алты мотоциклді соғып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру-ға сілтеме жасап.

Құқық сақшылары өршеленген жүргізушіні тоқтатпақ болды, алайда, онысынан түк шықпады.

Патруль қызметкерлерінің хабарлауынша, жүк көлігін басқарған ер адам алдымен жол апатына түскен, кейін белгісіз себептермен өзге көліктерді қирата бастаған.

Оқиға салдарынан жергілікті үш тұрғын зардап шекті. Жүргізуші ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді.