«Алдағы құрлық чемпионатына қатысушы елдердің саны рекордтық көрсеткіш болады. Онда Азияның 35 елінен келген 235 боксшы өзара мықтыларды анықтайды. Жастар арасындағы құрлық біріншілігіне Ауғанстан, Шығыс Тимор, Камбоджа, Катар, Ливан, БАӘ, Солтүстік Корея өкілдері алғаш рет қатысады. Азия чемпионаттарының дебютанты болып отырған Шығыс Тимор командасын ерекше тілге тиек ете кеткен жөн. Азияда бокстың құлаш жая дамып келе жатқаны, әрине, қуантады», - дейді Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығының (АИБА) вице-президенті, Азия бокс конфедерациясының президенті Серік Қонақбаев.
Ұлдар мен қыздар 10 салмақ санатында күш сынасады. Онда тек Қазақстан мен Үндістан құрамалары ғана толық ерлер және әйелдер командаларымен өнер көрсетеді.
«Осы чемпионатқа қатысатын спортшылар Аргентина астанасы Буэнос-Айресте өтетін олимпиадаға, сондай-ақ 2020 жылы Токиода өтетін олимпиадаға қатысуға басты үміткерлер болып табылады», - дейді С. Қонақбаев.
Айта кетейік, турнирдің жартылай финалы 26 сәуірде, финалдық кездесулері 27 сәуір күні өтеді.