Бангкоктегі үш жарылыстан екі адам зардап шекті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жұма күні таңертең Бангкок қаласының үш ауданында жаралыс болды. Бұл күні Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қауымдастығының сыртқы істер министрлерінің (АСЕАН) жыл сайынғы кездесуі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат The Guardian сайтына сілтеме жасап.

Жарылыстар BTSChong Nonsi метро стансасынан, солтүстіктегі үкіметтік кешеннен және қаладағыбасты көшелердің бірі Rama 9-дан естілді. Екі адам жарақат алып, олардың біріауруханаға жеткізілді.

Премьер-Министрканцеляриясының мәлімдемесіне сәйкес, тергеу басталды. «Жағдай бақылауғаалынды. Қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Дүрбелеңге салынбауларыңыздысұраймыз».

Шетел үкіметініңресми тұлғалары, соның ішінде Ұлыбритания СІМ басшысы Доминика Рааб, АҚШМемлекеттік хатшысы Майк Помпео, ҚХР сыртқы істер министрі Ван И қазір Таиландта.Олар Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қауымдастығының сыртқы істер министрлерінің(АСЕАН) жыл сайынғы кездесуіне қатысу үшін келген.