Деректерге қарағанда ағылған адамдардың саны аптаның ортасынан бастап күрт артқан. Сондықтан Бангладеш пен Мьянма арасында салынған босқындар лагері лық толды. Енді мұндағы адамдарға азық-түлік пен ауызсу жетпей жатыр.
Түрлі мәліметтерге қарағанда көшіп келіп жатқандардың дені - балалар мен әйелдер.
«Бала емізіп жүрген аналарға қиын болды. Олар аш болғандықтан, нәрестесі шырылдап жылап жатыр. Ал біздің қолымыздан не келеді? Азық-түлік, дәрі-дәрмек жоқ. Бас сауғалап үйден қашып шыққанда өзімізбен бірге ештеңені де алып үлгермедік», - дейді Мьянмадан келген босқын Дилдар Бегум.