Қадірлі қонақты Астана әуежайында ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев пен Астана әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхамбетов қарсы алды.
Еске сала кетсек,10-11 қыркүйек күндері Астанада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен ғылым және технологиялар жөніндегі ИЫҰ бірінші саммиті өтеді. Саммитке ИЫҰ мүше мемлекеттердің, байқаушы елдердің, халықаралық және өңірлік ұйымдардың80-ге жуық делегациясы қатысады.
Одан бөлек, 10қыркүйек күні Астанада өткен ЭКСПО-2017 халықаралық мамандырылған көрмесінің салтанатты жабылу рәсімі өтеді.