Бангладеште 12 жастағы «құбыжық қыз» тұрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бангладештің 12 жастағы тұрғыны сирек кездесетін «құбыжық синдромы» ауруына шалдыққан.

Жас қыздың денесін түгелдей түк басқан. Қызын емдемек болған ата-анасы банктен несие алуға шешім қабылдап отыр, деп жазады шетелдік БАҚ.

Бити Актар есімді қыз денесін түк басып туған екен. Содан бері оның ата-анасы қызының ауруының себебін біле алмай дал. Олар түрлі дәрігерлерге көрінсе де, ешкім нақты бір себебін айтып, емдей алмады.