Бангладеште автобус өзенге құлап, 40 адам қаза тапты

АСТАНА. Қазанның 11-і. ҚазАқпарат - Бангладеште жолаушылар мінген автобус өзенге құлап кетті,

деп хабарлайды РБК агенттігі. Дерек көздердің хабарлауынша, 10 ғана адам жағалауға жете алған, бірақ жолаушылардың көбісі - 40-қа жуық адам - автобустан шыға алмаған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, автобус Тураг өзені арқылы көпірмен өтіп бара жатқан кезде, жүргізуші рульге ие бола алмай қалған. Қайғылы оқиға Дакки қаласына жақын маңда орын алды.