Ведомствоның хабарлауынша, Бангладеште сауығып кеткен науқастардың жалпы саны 47529 адамды құрады. Сәрсенбіде 2638 адам ауруханалардан шығарылды.
Директораттың хабарлауынша, өткен айда елде денге безгегінің ең жоғары өсуі байқалды: 43854 адам індет жұқтырған және 204 адам қайтыс болды.14:58, 03 Тамыз 2023
Бангладеште денге безгегін жұқтырғандар саны 57 127-ге жетті
ДАККА.СИНЬХУА – ҚазАқпарат - Сәрсенбіде Бангладеште денге безгегін жұқтырғандардың 2711 жаңа жағдайы және 12 өлім тіркелді. Жыл басынан бері індет жұқтырғандар саны 57127 - ге, ал өлім саны 273-ке жетті. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау бас директораты мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.