Бангладеште денге безгегінен қайтыс болғандар саны 1 600 адамнан асты

Сейсенбі күні Бангладеште денге безгегін жұқтырудың 959 жаңа оқиғасы тіркелді.  Енді елде осы дертке шалдыққан науқастардың жалпы саны 310 046 адамға жетіп, қайтыс болғандар саны 1 600 адамнан асты. Бұл жөнінде Бангладештің Бас Денсаулық сақтау басқармасы (DGHS) мәлімдеді. Kazinform бұл туралы Синьхуа ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: freepik.com

DGHS мәліметінше, қараша айында елде денге безгегінен 262 адам қайтыс болды. 

Биыл аурудан сауығып шыққандардың жалпы саны – 304 869 адам, соның ішінде 881 адам дерттен соңғы 24 сағат ішінде айыққан.