Бангладеште екі автобус соқтығысып, 16 адам қаза тапты

АСТАНА. 2 тамыз. ҚазАқпарат - Бангладеште екі автобустың соқтығысу салдарынан 16 адам қаза тауып, 50-ге жуық жолаушы зардап шекті, деп хабарлайды жергілікті құқық қорғау органдарына сілтеме жасай отырып, Утро.ру агенттігі.

Апаттың салдары әлі нақты анықталмаған. Апаттан аман қалған бір жолаушы автобустардың бірінің алдыңғы доңғалағы жарылғанын айтқан.