Олардың тыныс алуы қиын. Нәресте Дакка қаласының «Standard Hospital of Total Healthcare» ауруханасында қарқынды терапия бөлімінде жатыр. «Оның толық қалыптасқан екі басы бар. Ол екі ауыздан тамақтанып, екі мұрынмен тыныс алады. Қалай болғанда да, жаратқанға балаларым мен оның анасының амандығы үшін алғысым шексіз», - деді журналистерге алаңдағанын жасыра алмаған әкесі. «Тест сиам егіздерінің ішкі ағзалары ортақ екенін көрсетті. Олардың тек басы ғана екеу. Барлығын ескере келе, өте сирек кездесетін dicephalic parapagus жағдайы бақылануда. Мұндай феномен жаңа туылған жүз мың баланың бірінде ғана кездеседі, - деп хабарлады «Journal of Family and Reproductive Health» басылымы. Алайда мұндай нәрестелердің 60 пайызы өлі туып немесе туғаннан кейін көз жұмады.
02:48, 15 Қараша 2015
Бангладеште екі басты бала дүниеге келді (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бангладеште екі басты бала дүниеге келді. Бұл сиам егіздерінің денесі мен ішкі ағзалары бір. Оларды бөлу теориялық тұрғыдан да мүмкін емес. Екі басты бала анасының ішінде жатқанда, бір денеге біріккен. Олардың қолдары, аяқтары, ішкі ағзалары ортақ, деп хабарлады medikforum.ru.