Бұл туралы ВВС хабарлады.
Екі апта бұрын құлаған сегіз қабатты ғимараттың қирандылары астынан адамдардың денелерін шығару жалғасуда.
Төрт тоқыма фабрикасы жұмыс істеген ғимараттың құлауы Бангладеште жұмысшылардың жаппай наразылығын тудырды.
Тоқыма фабрикаларының жұмысшылары бір аптадан астам уақыт бойы жұмыс берушілердің зауыттарда қауіпсіздік ережелерін сақтамауына қарсы наразылық білдірді. Халық ел премьер-министрі оларды өздерінің жұмыстарына оралуын өтінген соң ғана басылды.
Кешеннің құлауына байланысты тоғыз адам қамауға алынды.