Бангладеште кеме апатынан 70 адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бангладеште Падма өзенінде кеме апаты салдарынан 70 адам қаза тапқан. Құтқару қызметтері оқиға орнына жеткеннен кейін құрбандар саны белгілі болды.

40-қа жуық адам құтқарылып үлгерді. Сал кеше жүк кемесімен соқтығысу салдарынан батып кеткен. Кеме жүкке толы болған, деп жазады Би-би-си.