Бангладеште қызылша эпидемиясы: соңғы тәулікте 17 адам көз жұмды

АСТАНА. KAZINFORM — Бангладеште бір тәулікте қызылша және осы ауруға ұқсас симптомдардан 17 адам қаза тапты, бұл рекордтық көрсеткіш болып отыр. Бұл туралы The Daily Star газеті елдің Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметтер жөніндегі Бас басқармасына сілтеме жасап хабарлады, деп БЕЛТА жазды.

Фото: freepik.com

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін бір күнде тіркелген ең көп жағдай саны – 12 адам болған. 15 наурыздан бастап қызылша және оған ұқсас симптомдардан қайтыс болғандардың жалпы саны 311-ге жетті.

Соңғы жағдайлардың екеуі қызылшадан тікелей қайтыс болғаны расталды, осылайша расталған өлім саны 52-ге жетті. Тағы 15 жағдай болжамды саналып, олардың жалпы саны 259 адамға жетті.

Жағдай әлі де күрделі болып отыр, билік аурудың таралуын қадағалауды жалғастырады.

Еске сала кетейік, сәуірдің басында Бангладеште қызылшадан 15 адам қайтыс болған еді.