Қаза болғандардың нақты саны әзірге белгісіз. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт 15 адамның өмірін қиды, 400 адамның жағдайы туралы әлі белгісіз. Лагерьдің 560 тұрғыны жарақат алды.
Кокс-Базарға зардап шеккендерге көмек көрсету үшін бірнеше жедел жәржем көлігі және мобильді клиникалар жіберілді. Босқындармен сондай-ақ психологтар жұмыс істеуде.
Гуманитарлық ұйымдардың қызметкерлері баспанасыз қалғандарға көмек көрсетуде.
Осы уақытқа дейін лагерьге 3 мың жылы көрпе, күн батареясымен жұмыс істейтін 14,5 мың лампа, 11,5 мың москитті тор, сондай-ақ 1 мың литр ауызсу жеткізілді.
Жалынның шығу себебі әлі белгісіз, тергеу жалғасуда.
Кокс-Базар қаласындағы лагерь - босқындардың әлемдегі ең үлкен қонысы. Онда рохинджа мұсылмандарының 870 мың өкілі пана тапты. Олардың дені – 720 мыңға жуық адам көрші Мьянме еліндегі зорлық-зомбылықтан қашып, лагерьге 2017 жылы келді.