Бангладеште лаңкестік актісіне байланысты екі күндік аза тұту жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бангладеш премьер-министрі Шейх Хасина Даккадағы лаңкестік актісіне байланысты екі күндік аза тұту жариялады.

Хасина ұлтқа арнайы үндеу жолдады, ол үндістандық БАҚ бойынша берілді, деп хабарлады РИА Новости.

Аза тұту 3 және 4 шілдеде өтеді, елде тулар төмен түсіріліп, мешіттерде, үнділік храмдарда және христиан шіркеулерінде аза тұту рәсімдері өтеді.

Хасина отандастарын лаңкестікке қарсы тұруда бірлікке шақырды.

Жұма күні кеште қаруланған лаңкестер Дакканың дипломатиялық орамындағы мейрамханаға шабуыл жасады. Сенбі күні таңертең полиция шабуылмен алты содырдың көзін жойды. Операция барысында полицейлер 13 адамды босатып алды, соның ішінде Жапонияның бір, Шри-Ланканың екі азаматы болған, кепілге алынған 20 адам қазаға ұшырады.