Бангладеште паром мен жүк кемесі соқтығысып, 11 адам опат болды

ДАККА. ҚазАқпарат – Сәрсенбі күні Бангладеш астанасы Даккадан 160 шақырым қашықтықта өзенде паром құм тиелген жүк кемесімен соқтығысып аударылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттік хабарлауынша, апат салдарынан кем дегенде 11 адам опат болған, көпшілігі хабар-ошарсыз жоғалды.

Дереккөздер хабарлағандай, қаза тапқандардың арасында бес бала мен үш әйел бар. Хабарламада паромның бортында 40-қа жуық жолаушы болғаны атап өтілген.

Оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр.