Бангладеште Үндістан президентіне қастандық жасалды

АСТАНА. 4 наурыз. ҚазАқпарат - Бангладеште Үндістан президенті Пранаба Мукерджиге қастандық жасалды. Мукерджи бұл мемлекетке ресми сапармен келген еді, деп хабарлады шетелдік БАҚ.

Журналистердің мәліметтері бойынша, жарылыс мемлекет басшысы тоқтаған қонақүйдің алдында орын алды. Қолда бар мәліметтерге қарағанда, ешкім зардап шеккен жоқ. Жарылыс болған кезде президенттің қонақүйде болғаны, не болмағаны жайлы ақпарат жоқ.

Мукерджи Даккаға Бангладеш үшін қиын кезеңде келді. Осы күндері елде "Ислам джамааты" радикалды тобы ұйымдастырған ереуіл басталды. Олар аталмыш ұйымның көшбасшысы Хусейн Саидтің өлім жазасына кесілгеніне қарсылық көрсету ретінде бұл қадамға барды. Айта кетейік, өлім жазасына кесілген Хусейн Саид 1971 жылы тәуелсіздік үшін соғыс кезінде жаппай адам өлтіру және зорлауда кінәлі деп танылған болатын, деп хабарлады Утро.ру.