Бангладеште жол-көлік апатында 16 адам ажал құшты

АСТАНА. 11 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін 43 адамды тасымалдаған автобус Бангладештің оңтүстік-шығысында өзенге құлап кетті, 16 жолаушы ажал құшып, 18-і жарақаттанды. Бұл туралы Утро.ру хабарлады.

Жол-көлік апаты жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де орын алды. Автобус Кокс-Базар ауданында орналасқан курорт маңайында өзенге құлап кетті.

Зардап шеккендер Читтагонг қаласының ауруханасына жеткізілді.