Бангладеште жолаушылар кемесі аударылып, 36 адам мерт болды
19:36, 04 Желтоқсан 2009
АСТАНА. Желтоқсанның 4-і. ҚазАқпарат - Бангладештің солтүстігінде жолаушылар кемесінің соқтығысуы салдарынан кемінде 36 адам опат болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК сайтына сілтеме жасап.
Соқтығысқаннан кейін жолаушылар мінген кеме аударылып түсті.
Жергілікті билік өкілдерінің хабарлауынша, себебі анықталмаған оқиға елдің астанасы Дакка қаласынан солтүстікке қарай 80 шақырым қашықтықта, Кишорегандж аумағынан ағып өтетін Дайра өзенінде орын алған. Кемеде 80 жолаушы болған.