Наразылықтар кезінде 135 адам зорлық-зомбылықтың құрбаны болған.
Ең ауыр оқиғалар орын алған ел астанасы Даккада кеше полицияның атыстары, топтық қақтығыстар мен тонау салдарынан 78 адам қаза тауып, жүздеген адам жараланды.
Бангладештің барлық дерлік штаттарына тараған тәртіпсіздіктер кезінде көптеген ресми ғимараттар өртенді. Шерпур қаласындағы шерушілер басып алған түрмеден 500-ден астам тұтқын қашып кетті.
Бангладеште ел билігі мемлекеттік жұмыс орындарына квоталардың көпшілігін жойғаннан кейін жаппай шерулер басталды.
Айта кетейік, 300 адамның өмірін қиған митингтерден кейін Бангладеш премьер-министрі отставкаға кеткен еді.
Жаппай ереуіл кезінде елден қашып кеткен Бангладештің Премьер-министрі Шейх Хасина Ұлыбританиядан саяси баспана сұрады.