ДАККА. Синьхуа-ҚазАқпарат – Бангладештің солтүстігіндегі Панчагарх округінде кеме батып кетіп, 69 адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасап.
Кеме батқан орыннан 69 адамның денесі судан шығарылды, ал тағы 3 адам із-түзсіз жоғалғандар ретінде тіркелді.
Панчагарх округі полициясының бастығы Сираджул Худа Каратоя өзенінде бортында 100 жолаушы болған кеме жексенбі күні күндіз батып кеткенін мәлімдеді. Оның айтуынша, су көлігінің апатқа ұшырауына артық салмақ себеп болған.
Фото: AFP 2022 / FIROZ AL SABAH
Гүлнұр Ғазизқызы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің түлегі. Еңбек жолын «Қазақ әдебиеті», «Сақшы» газеттерінен бастаған. «Дала мен Қала» республикалық қоғамдық-саяси апталығында тілші, жауапты хатшы болып істеді. «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының тілшісі, «Қазақстан» Ұлттық арнасының Маңғыстау облысындағы меншікті тілшісі, Маңғыстау облысы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы, «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы директорының орынбасары – бас редакторы болды.
Ақпарат саласының үздігі.
«ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылғы 1 сәуірден бастап істейді. Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі басқарушы директорының орынбасары – қазақ редакциясының бас редакторы.