«Қазыбек би мен Абылайхан көшелерінің қиылысындағы банктің бас ғимаратынан жарылғыш зат табылмады. Қазір банк штаттық режімде жұмыс жасауда. Ал банктің қаладағы 3 филиалында жарылғыш зат әлі де іздестіріліп жатыр», - деді Салтанат Әзірбек.
Айта кету керек, таңертең белгісіз біреу Қазыбек би мен Абылайхан көшелерінің қиылысындағы ғимаратта жарылғыш зат барын хабарлаған. Шұғыл түрде ғимараттағы қызметкерлер мен клиенттер сыртқа шығарылған болатын.