«18 маусымда ер адам елордалық банкте адамдарды кепілге алды. Олардың арасында жарақат алғандар жоқ. Жедел медициналық көмек қызметкерлері 3 адамды тексеру кезінде олардың қатты күйзеліске түскенін анықтады. Кепілге алынған адамдарды ауруханаға жатқызудың қажеттілігі жоқ», - делінген басқарманың баспасөз қызметі тартқан хабарламада.
Еске салайық, елордадағы Kaspi банктің ғимаратында қаруланған ер адам бірнеше кісіні кепілге алғанын хабарлап едік.
Полиция қызметкерлері кепілге алынған адамдарды босатты.
Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов қазір күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүріп жатқанын мәлім етті.