14:31, 15 Сәуір 2009
Банк қызметкерлерінен құралған қылмыстық топ 1,4 млрд. теңге қаржы жымқырған
АСТАНА. Сәуірдің 15-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Банк қызметкерлерінен құралған қылмыстық топ 1,4 млрд. теңге қаржы жымқырған.
Бұл туралы бүгін Қаржы полициясы өткізген брифингте осы ведомствоның ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Олар іске қатысы жоқ 24 азаматтың атынан 24 пластикалық карточка жасап, шоттарына 1,4 млрд. теңге ақша аударған. Оның 395 млн. теңгесін топ мүшелері Астана, Алматы, Талдықорған және Қарағанды қалаларының банкоматтарынан алып та үлгерген. Қалған қаражатты банк жауып тастады. Қылмыстық топты ұйымдастырушы қамауға алынды.Қаржы полициясы жыл басынан бері осы іспеттес 7 қылмысты анықтады.