«Егер тарихқа үңілсек, бұрын жаһандық валюта фунт стерлинг болған. Оны ығыстырып жіберді. Доллармен де бір күні мүмкін осындай жағдай болады», - деп атап өтті сарапшы. Оның бағалауынша, бұл АҚШ-тың әлемдік экономикадағы үлесі «табиғи түрде» қысқарған кезде болады», - деді Осаковский. «Бұл апатты жағдайға алып келеді ме? Факті емес. Бірақ күндердің-күнінде бұл болады», - деді Осаковский.
Ол сондай-ақ Құрама Штаттардың қарызы абсолютті мәнде өте үлкен екендігін атап өтті - 16-18 триллион доллар. Бұл ретте қарызы одан жоғары елдер де бар. «Мысалы Жапония. Оның қарызы АҚШ-пен салыстырғанда, екі есеге көп», - деп пікірін білдірді экономист Америкада қарыз дағдарысы болуы ықтималдығына қатысты пікір білдіре келе.